Неге толтыру керек?

Бұл бөлімнің мақсаты – халық арасындағы ауызша айтылып жүрген деректерді жинап, болашақ ұрпаққа жазбаша түрде жеткізу. Сіз енгізетін мәліметтер ортақ тарихи мұраға қосылады. Әрбір баба туралы дерек – ел тарихының бір бөлшегі.

Әсіресе, батырлар мен ата-бабалар туралы аңыздар, олардың өмір сүрген кезеңі, ерлік істері, отбасы мен ұрпақтары жайлы мәлімет аса құнды. Толық әрі дұрыс толтырсаңыз – тарихымыздың жаңғыруына үлес қосасыз.

Менің бабамға ақпарат жіберу

Қалай толтыру керек?

Аты-жөні – толық жазылуы қажет, бұл негізгі дерек. Руы – шежірелік байланысты анықтау үшін міндетті. ЖСН – деректің нақтылығын тексеру үшін қажет, құпия сақталады. Телефон мен почта – байланыс үшін керек. Соңында қосымша ақпарат – бабаңыздың өмірі, ерлігі, естеліктері жазылады.

Ақпаратты толық енгізу арқылы болашақ ұрпаққа құнды мұра қалдыруға атсалысасыз.