Жиембет Бартогашулы (1570–1643)
Жиембет Бартоғашұлы
Жиембет Бартоғашұлы 1570–1575 жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан. Ол — қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыққан. Жастық шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағындағы Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен.
Әскери ерліктер
16 жасынан бастап хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Кейін Есім ханның беделді биі әрі батыры дәрежесіне көтеріледі. Көптеген ұрыс-шайқастарға қатысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын басқарып, жеңімпаз қолбасшы болады.
Әскери ерлігі
Сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүз еліндегі ең беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысында ерекше ерлік пен тапқырлық көрсетіп, жауды ойсырата жеңуге үлес қосқан.